Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасынан шығарылуына 35-жылдығына орай мектепішілік «Мерген сарбаз-2024» ПВ нысана көздеп ату сайысы өтті. Сайыс нәтижесінде ер балалар арасында І орынды Үмбетырза Абылай, Орынбаев Арыслан, ІІ орынды Жайберген Әділхан, ІІІ орынды Кенжеғали Нұрбек жеңіп алды. Қыз балалар арасында І орынды Инербаева Гүлсезім, ІІ орынды Әбішева Іңкар иеленді.
