Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда 2024 жылғы 29 қаңтар күні 9 -сынып білім алушыларына жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында тәрбие сағатына заң саласының қызметкері Бейсенбаев Нұралы Керімқұлұлы қатысты. Жасөспірімдерге нашақорлықтың зияны, лудомания және қаламызда болған соңғы жайттарға байланысты жалған ақпаратты таратпау тағы да басқа құқық бұзушылық мәселелері жайында ақпарат берді.