“Жеткіншектің жеті жарғысы” жобасы аясында 2024 жылдың 19 қаңтарында Ұлы Отан соғысының батыры, Рейхстагта Жеңіс туын алғаш болып желбіреткен қазақтың қаһарман ұлы –Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай гимназия білім алушыларына «Халық қаһарманы-Рақымжан Қошқарбаев» атты танымдық кеш өтті. Кеш барысында 10 –сынып оқушылары «Бала Рақымжан», «Жауынгер Рақымжан», «Бейбіт өмірдегі Рақымжан», «Жазушы Рақымжан» , «Естеліктердегі Рақымжан» тақырыптарында жүргізген ізденіс жұмыстарымен ой бөлісті. Батырдың өмір жолынан қызықты ақпараттарды жеткізіп,кештің әсерлі өтуіне ықпал етті. Білім алушылар Р.Қошқарабевтың бұрын беймәлім жан-жақты қырларымен танысып, батыр туралы білімдерін тереңдетті.







