2024 жылдың 20 қаңтарында Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналар комитеті және қамқоршылық кеңес өкілдерімен, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ісі жөніндегі полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып түнгі рейд шаралары ұйымдастырылды. Шара барысында анықталған немесе полиция бөліміне жеткізілген жасөспірімдер болмағандығы хабарланады.