Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда “Жеткіншектің жеті жарғысы” жобасы аясында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, егемен еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке 100 жыл толуына орай бабалар ақыл-өнегесін бүгінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында Чернобыль апаты ардагерлерімен кездесу жиыны өтті. Жиынға Чернобыльдағы апатты жоюға қатысқан ардагерлер: Мухамбетов Серикбай Габбасович, Ишмухамбетов Болат, Егзалин Серік Сағынғалиұлы қатысты. Жиын барысында тарих пәні мұғалімі Төреев Манарбек Қалдыбекұлы Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолымен таныстырып өтсе, оқушылар ардагер ағаларымыздің өмір жолдарымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.
