Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда 2024 жылдың 12 қаңтарында жиын залында қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі, қыздарға тән мінез-құлық, қыз бала мәдениеті, қыз баланың қоғамдағы орнын айрықша түсіндіріп, эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Қызға қырық үйден тыйым» атты қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 5-11 сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараны гимназияның “Әдемі-ау” қыздар клубының жетекшілері ашып, сөз сөйледі. Өз сөздерінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. Мектеп педагог-психологі А. Лепесова «Жақсы көңіл күй сыйлау» жаттығуымен психологиялық ахуал орнатып,
«Би терапиясы» психогимнастикасымен бойларын сергітіп,
«Әріптер сөйлейді» тренингімен бойжеткендердің өздеріне деген сенімділігін арттыра түсіруге тырысты. Сонымен қатар “Салауатты өмір салтын дұрыс ұстану” мен “Жеке бас гигиенасын сақтау” турасында №4 қалалық емханадан шақыртылған арнайы маманның кеңесін тыңдап, мол ақпарат ала білді.

Arrow
Arrow
Slider