17 қараша күні сағат 11:00-де «Төрт тоқсанға төрт өнер» жобасы аясында «Асық ату ойыны» челенджі өткізілді.
Мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау.
Міндеттері: қазақ халқының ұлттық ойындарын жаңғырту және насихаттау қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қастерлеу оқушыларды асық ойынына баулу.
«Бес табан ойыны» мергендікке тәрбиелесе, «Бес асық» ойыны ептілік пен алғырлыққа баулиды.
«Robo Asyq atu» жаңа ғасырдың асық ату ойыны оқушыларды жаңашылдыққа тәрбиелейді.
