Мектеп оқушыларының қатысуымен жасалатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі Ә.Сағынтаев Ақтөбе қаласы Әл-Фараби атындағы 21 мамандандырылған мектеп-гимназиясында “Балалардың тәртібі – жол қауіпсіздігінің басты ықпалы” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Шараға 5,6,7-сыныптың оқушылары қатысты. Сабақ барысында оқушыларға жол журу Ережесі туралы түсінік беріліп, слайдтар мен бейне-роликтер көрсетілді. Сонымен қатар, жолдан өту тәртібі туралы жаднамалар таратылып, сұрақтарға жауап берілді.