Әл-Фараби атындағы мамандандырылған гимназияда мектепішілік әскер жасына дейінгі жастар спартакиадасы өтті. Жарыс пневматикалық винтовкадан нысана көздеп ату, биік кермеге тартылу, 1000 метрге жүгіру кезеңдері бойынша өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша
І орынды 10ә-класс оқушысы Кенжеғали Нұрбек,
ІІ орынды 11а-класс оқушысы Байтақов Олжас,
ІІІ орынды 11а-класс оқушысы Ізбасаров Мейірхан мен 10б-класс оқушысы Абилкаиров Бейбарыс иеленді.
Сондай-ақ жекелей кезеңдер бойынша 11в-класс оқушысы Мажхан Марес кермеге тартылудан І орын,
10б-класс оқушысы Таңжарбай Ибраһим ІІІорын, жүгіруден 10б-класс оқушысы Аманжол Мирас ІІ орын,
10в-класс оқушысы Үмбетырза Абылай ІІІ орын иеленді.