“Құрмет” орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы Әл-Фараби атындағы #21 мамандандырылған гимназияға келіп, педагогтермен кездесті.
“Білім беруді тұрақты дамыту қоры” қамқоршылық кеңесінің төрайымы К.Н.Шәмшидинова педагогтермен сапалы білім берудің жаңа қырлары мен құндылыққа негізделген білім беруді іске асырудың ерекшеліктері туралы зерттеулермен бөлісті. Сонымен қатар қоғам алдындағы педагогтің миссиясы талқыланды. Кездесу гимназия ұстаздары үшін әсерлі болып, соңында ұстаздар өз жылы лебіздерін айтып, алғыс білдірді.






