Әл-Фараби атындағы #21 мамандандырылған гимназияда “Ер Едіге” жыр мектебінің жыршыларымен “Көнеден жеткен күмбір жыр” тақырыбында кездесу өтті. Жыр мектебінің жетекшісі Сарин Әділбек Мұхитоллаұлы жыршылық өнерге баулып жүрген шәкірті Темірханмен келіп мектеп оқушыларын керемет жырмен сусындатты.