Arrow
Arrow
Slider

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда 2022-2023 оқу жылындағы Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Салтанатты шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Елеусінова Бұлбұл Ораққызы және Ақтөбе қаласы полиция басқармасы бастығы Күнбасов Зиядин Бақытжанұлы қатысты. Гимназия директоры Тойшыманова Маржанкул Кенешбаевна алғашқы қоңырау үнімен алтын ұя мектебімен қайта қауышқан барша оқушылар қауымына сәттілік тілеп, жылы лебізін жеткізді.
Білімге ұмтылған шәкірттердің бағындырар белестері биік болсын деп тілек білдіреміз. Білім күні құтты, жаңа оқу жылы табысты болсын!