Жазғы мектеп жұмыс жоспарына сәйкес 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай гимназияның тарих пәні мұғалімдері 8 сынып оқушылары үшін “Түйетөбе” ескерткішіне танымдық экскурсия сабағын ұйымдастырды. Экскурсияда оқушыларға зұлмат жылдардың құрбаны болған қайраткерлер мен Алаш зиялылары туралы кең мағлұмат берілді.
