Жазғы мектеп жұмыс жоспарына сәйкес 6 “А” және 7″А” класс оқушылары С.Бәйішев атындағы кітапханада орналасқан АҚШ елшілігінің бөлімі Американдық бұрыш қонағы болып қайтты. Оқушылар Бұрыштың жұмысымен танысып, ұсынылатын американдық, қытай, неміс әдебиеттер қорымен және тілді үйренуге бағытталған түрлі ресурстармен танысты. Оқушылар монополия, уно сияқты үстел ойындарын ойнап, ағылшын тілінде бір-бірімен жағымды қарым-қатынас орнатты. Америкалық мәдениет пен халқының өмірімен таныстыратын түрлі ресурстар оқушыларға тиімді де әсерлі саяхат болды. Шараны ұйымдастырған класс жетекшілер Г.А. Жалғасбаева, Г.Ж. Жусупова.