Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда оқушыларға білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Ата-аналардың өтініші негізінде жазғы мектепке 1-8, 10 класс оқушылары қатысуда. Жазғы мектеп жұмыс жоспарына сәйкес оқу-танымдық, спорттық-шығармашылық шаралар ұйымдастырылуда.