Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда мектеп бітіруші түлектерге «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты салтанатты жиыны өтті. Кешегі балауса балғындарымыз азамат болып, үлкен өмірге қанатын қомдап, айшықты арман- мақсаттарын жалғап, үлкен өмірге жолдама алды. Салтанатты жиынға Ақтөбе облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Л.А. Уразбаева және қалалық мәслихат депутаты А.Д. Сақтағанов қатысып, бітіруші түлектерге шынайы тілегін жеткізіп, ақ жол тіледі.
Іргелі білім ұясы он бір жылдық білімді саралайтын сынақтан үмітіміз ақталады деген сенімде. Түлектерге сәт сапар тілейміз!