






Ұстаз — адам жүрегіне білім мен тәрбиенің сәулесін түсіріп, тұлғалық қалыптасуына бағыт-бағдар беретін қасиетті мамандық иесі. Мектеп қабырғасынан басталған ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс — адам өмірінде өшпес із қалдыратын ерекше құндылық.
Осы орайда, Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған арнайы бейнероликте қатысушылар өз өмірінде ерекше із қалдырған ұстаздары туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.
📚 «Менің алғашқы ұстазым» — білім әлеміне алғашқы қадам бастатып, ізденіске жетелеген аяулы жан.
🏛️ «Менің есімде қалған мұғалім» — білімі мен кәсіби шеберлігі, адами болмысы арқылы шәкіртке үлгі болған ұстаз.
🌟 «Өмірімді өзгерткен мұғалім» — дұрыс бағыт сілтеп, арманға қанат бітіріп, үлкен жетістіктерге жол ашқан ұлағатты тұлға.
Ұстаздың әрбір сөзі, берген білімі мен өнегесі шәкірт жүрегінде жылдар өтсе де сақталып, өмірлік бағдарға айналады.
Ұстаз еңбегі — ұрпақ жүрегінде жалғасатын мәңгілік мұра.
Ұлағатты ұстаздарға мың алғыс! 🌷
