ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.

Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері мен педагог-психологтар білім алушыларды қарсы алып, мектеп аумағында тәртіп пен қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылайды.

Қауіпсіз орта қалыптастыру – мектеп, ата-ана және білім алушының ортақ жауапкершілігі.

✅ Бірлескен әрекет пен жауапкершілік арқылы балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырамыз!

#Қауіпсізмектеп2026