Саналы ғұмырын білім мен тәрбиеге, гимназиямыздың дамуына арнаған ардагер әріптестерімізді құрметпен қарсы алып, өткен күндерді еске алып, тағылымды әңгімелер өрбітіп, ерекше естелікке толы сәттермен бөлістік. ❤️
Кеш қонақтарын білім алушыларымыз әсем гүл шоқтарымен қарсы алып, ізгі тілектерін жеткізді. Мерекелік бағдарлама барысында гимназия оқушылары ән айтып, би билеп, мәнерлеп өлең оқып, ардагерлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар гимназия қабырғасында өткен жылдарды еске түсіретін бейнеролик ұсынылып, жүрекке жылы естеліктер жаңғырды.
Ұстаздар қауымы да ардагер әріптестеріне ерекше құрмет көрсетіп, ақ тілектерін арнады.
Кәсіподақ ұйымы ардагер әріптестерімізге шағын сыйлықтарын табыстады.🎁🛍️
Еңбектеріңізге тағзым, өнегелі ғұмырларыңызға құрмет!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз! 🌷