Қазақ халқы әрқашан «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсетуді ата салты санаған. Бұл шараның басты мақсаты — оқушылардың бойына үлкенге деген мейірімді, құрмет пен ізеттілік қасиеттерін сіңіру, қариялардың қоғамдағы орнын тереңірек ұғындыру.

Сынып сағатының ерекше сәттері:
📖 Ата-бабамыздан қалған өнегелі әңгімелер мен нақыл сөздер айтылды.

🎙️ Оқушылар ардақты ата-әжелеріне арнап жүрекжарды өлеңдерін оқып, өз әсерлерімен бөлісті.

🤍 «Қарты бар елдің — қазынасы бар» деген мақалдың мәнін ашып, үлкендерді ардақтау әрбір азаматтың борышы екенін түсіндік.

Ақ батасын беріп, ақыл-кеңесімен бөлісетін ақсақалдарымыз бен аяулы әжелеріміз арамызда аман-сау жүрсін! Өскелең ұрпақ қадірлі қариясын қадірлей білетін саналы болып өссін!