





1 қазан – Халықаралық қарттар күні.
Қария – өткеннің өнегесі, бүгіннің берекесі, келешектің бағыт-бағдары. Ұрпаққа ақылын айтып, өмірлік тәжірибесімен жол көрсеткен үлкендерді құрметтеу – әрқайсымыздың парызымыз.
🕊️ Қарттарымыздың әрбір сөзі – тағылым, әрбір ақ батасы – ұрпаққа аманат.
Осы айтулы күнге орай гимназиямызда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қарттардың еңбегін бағалау мақсатында ізгілікке толы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ардақты ақсақалдарымыз бен аяулы әжелерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!
Қариясы бар үй – қазынасы бар үй. ❤️
