
Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда «Мектептің даму жолы: сапалы білім, тағылымды тәрбие, қауіпсіз орта» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың басты мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланысты нығайтып, білім алушылардың сапалы білім алуына, тұлғалық дамуына және қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне бірлесе жағдай жасау.
Кездесу барысында мектептің білім беру бағытындағы жұмыстары, тәрбие жүйесі, оқушылардың қауіпсіздігі, мектептегі ішкі тәртіп пен ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы маңызды мәселелер талқыланды.
Бала тәрбиесі – мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі.
Балаға берілетін сапалы білім мен саналы тәрбие ең алдымен бірлескен әрекеттен басталады.
Мектеп, ата-ана, оқушы- жарқын болашаққа бағытталған біртұтас орта!
