“Bilim Qazyna” КММ жұмыс жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін мекемелерінің 6 сыныптарына арналған “Zerdeli League” зияткерлік сайысында гимназиямыздың білім алушылары бақ сынап, қаланың 79 мектебі арасынан оза шауып БАС ЖҮЛДЕ иеленді🏆🌟💫

Команда құрамы:
6 а класс Бақсиық Мейіржан, жетекшісі Ахметова Алина Серікбайқызы,
6 ә класс Толыбаев Біржан, жетекшісі Сафиева Мира Нурлановна,
6 б класс Амандық Мамай, жетекшісі Оразаева Рыскуль Толепбаевна,
6 в класс Мақсат Ахмедияр, жетекшісі Ахметова Алина Серікбайқызы,
6 г класс Мәлік Әліби, жетекшісі Отарова Гүлмира Тоқтаровна,
6 д класс Сайлаубай Алихан, жетекшісі Шонаева Курбанай Калдыбаевна.

Шәкірттерін додаға дайындап, бағыт-бағдар берген математика пәні мұғалімдеріне алғыс білдіре отырып, жетістіктеріңіз еселене берсін демекпіз.

Жеңімпаздарға талмас талап, биік мақсат, жаңа жеңістер тілейміз!