Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі – ең басты байлық. Сондықтан да білім беру ұйымдарында жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Бірер күннен соң жазғы каникул да басталады. Осыған орай, 2022 жылдың мамыр айының 18 күні Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның «Күншуақ» театры бастауыш сынып оқушыларына «Жол тәртібін білейік. Аман-есен жүрейік!» тақырыбында қойылым көрсетті. Мақсат балаларды жолдарда жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысының ережелерімен таныстыру. Театрдың кішкентай кейіпкерлері жол жүру ережелеріне мұқият болуға, жол белгілерінің не үшін қажет екені және бағдаршамның атқаратын қызметі туралы тамаша қойылым көрсете білді. Қойылым көрермен көңілінен шықты.