Су ресурстарын тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру, білім алушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында 6-сынып білім алушылары арасында «Су тамшысының құпиясы» тақырыбында танымдық шара ұйымдастырылды.

Шара барысында оқушылар судың адам өміріндегі маңызы, су ресурстарын қорғау және оны үнемді пайдалану жолдары туралы өз білімдерін толықтырды. Танымдық ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы суды ысырап етпеу, табиғи байлыққа жауапкершілікпен қарау қажеттілігі түсіндірілді. 💧🌱

Әр тамшы — тіршілік көзі!
Суды үнемдеу — болашақты қорғау! 💙