


“Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның білім алушылары “Кітапханаға кітап сыйла” акциясына зор ынтамен және белсенділікпен қатысуда!
Рухани қазынамызды байытып, жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға бағытталған бұл шараға гимназиямыздың жас оқырмандары өздерінің сүйіп оқитын әдеби, ғылыми-танымдық және көркем әдебиеттерін тарту етті.
«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы».
Әрбір сыйға тартылған кітап – келешек ұрпаққа берілген бағасыз сый әрі жаңа білімге апарар алтын көпір. Акцияға атсалысып жатқан белсенді оқушыларымыз бен ата-аналарымызға алғысымыз шексіз!
