«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында гимназиямызда «Таза бейсенбілік» акциясы ұйымдастырылды.

Білім алушылар оқу кабинеттерін ретке келтіріп, тазалық пен жинақылыққа ерекше көңіл бөлді. Әрбір таза кабинет – жайлы білім алуға жасалған қадам. 🏫✨

Тазалық жұмыстары арқылы білім алушылардың еңбекке жауапкершілігі, ұқыптылығы және қоршаған ортаға деген жанашырлығы қалыптасады.

🌱 Таза мектеп – ортақ жауапкершілік!
Бірлікпен атқарылған еңбек – көркейген мектептің көрінісі!