




🗣️ Орталық психологы Дана Таңжарбаева ата-аналарды жылы қарсы алып, «Ашық микрофон» айдары арқылы бала тәрбиесі, ата-ана мен бала қарым-қатынасына қатысты сұрақтар қойып, еркін пікір алмасу ұйымдастырды.
💬 Орталық директоры Меруерт Жұбандықова отбасының бала өміріндегі маңызына тоқталып, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынастың баланың психологиялық әл-ауқатына әсері туралы ой бөлісті.
🤝 Орталық директорының орынбасары Медеухан Жасжанова ата-ана мен бала арасындағы өзара қолдау мен сенімді нығайтуға бағытталған «Мен сені қолдаймын» жаттығуын өткізді.
🧩 Орталық психологы Айдана Алданова ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту, бірлескен әрекет арқылы эмоционалдық байланысты күшейту мақсатында «Отбасылық квест» ұйымдастырды.
✨ Орталық директорының орынбасары Лаура Бердібекова «Құндылықтар мекені» атты рефлексия жүргізді.
🎨 Орталық әдіскері Назерке Өтеп отбасы мүшелерінің эмоционалдық жақындығын арттыруға, бір-бірінің құндылығы мен маңыздылығын сезінуге бағытталған «Біз бір-бірімізге құндымыз» мандала-терапиясын өткізді.
🏗️ Орталық әдіскері Айсұлу Жахина ата-ана мен баланың бірлескен іс-әрекетін қалыптастыру, өзара ынтымақтастық пен сенімді дамыту мақсатында «Мұнара ойыны» техникасын жүргізді.
🌿 Шара соңында ата-аналар Алғыс хаттармен марапатталып, өз әсерлерімен бөлісті.
@oqu_agartu_ministrligi
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@orken_instituty
@zakiyevadinara
@kopd_mp_rk
#ӘлеуметтікПедагогикалықБағыт
#БіртұтасТәрбие
#ПсихологиялықҚолдауОрталығы
#БілімБасқармасы
#БілімБөлімі
