

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия білім алушыларына *достықтың, татулықтың, өзара құрмет пен қолдаудың маңызын насихаттау мақсатында «Достық – татулықтың бастауы» атты таратпа жадынама* ұсынылды.
🤝 *Достық* – бір-бірін түсіну, қолдау, құрметтеу және қиын сәтте жанынан табыла білу.
💚 Нағыз дос:
✔️ бір-бірін құрметтейді;
✔️ жылы сөз айтып, қолдау көрсетеді;
✔️ өзгенің пікірін тыңдайды;
✔️ жанжалдан аулақ болады;
✔️ әр адамның ерекшелігін қабылдайды;
✔️ достыққа адал болады.
🌸 *Татулық – үлкен күш!*
Біздің әрқайсымыз мейірімді сөзімізбен, жақсы ниетімізбен және өзара сыйластығымызбен гимназиямызда қолайлы әрі достық орта қалыптастыра аламыз.
✨ *Есіңде болсын:*
Достық – өмірге қуаныш сыйлайды.
Татулық – бірлікті нығайтады.
Бірлік – жеңістің кепілі.
💙 *Достық пен татулық – әрқайсымыздың қолымызда!*
#ӘлФараби№21гимназия
#ДостықТатулықтыңБастауы
#Достық
#Татулық
#Бірлік
#Мейірімділік
#ӨзараҚұрмет
#БіргеЖақсыБоламыз
#ПсихологиялықҚызмет
# Әлеуметтік педагогикалық қолдау
#БақыттыБалалықШақ
