
Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясы 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарын мониторингілеу нәтижесінде оқушылардың білім сапасын арттыру, тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету және білім беру үдерісінің жоғары нәтижелерін көрсету бағытында үздік көрсеткіштерге қол жеткізді.
Мониторинг қорытындысы бойынша гимназиямыз:
🥇 «ҰСТАЗДАР ШАБЫТЫ» номинациясы – I орын
🥇 «ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕКЕНІ» номинациясы – I орын
🥉 «ЖАС ҚЫРАНДАР» номинациясы – III орын
🥇 «БІЛІМ БИІГІ» номинациясы – I орын 🥈“АРМАНҒА ЖОЛ АШҚАН МЕКТЕП” номинациясы-II орын иеленді.
Нәтижесінде, мониторинг қорытындысы бойынша қала мектептері арасында жоғары көрсеткіш көрсетіп, жүлделі I дәрежелі дипломмен марапатталды! 🎉
Бұл – бір мақсатқа жұмылған ұстаздар еңбегінің, білімге ұмтылған шәкірттердің талпынысының және әрдайым қолдау білдіретін ата-аналардың ынтымақтастығының жемісі.
Ұстаздың ізденісі мен шәкірттің жетістігі – бір-бірімен сабақтас ұлы еңбек. Ал осы еңбекті қолдайтын ата-ананың сенімі – үлкен нәтижелерге бастар күш.
Барша ұстаздар қауымын, білім алушыларымызды және ата-аналарымызды осы айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!
