
Отбасы күніне орай Ақтөбе облыстық «Анаға тағзым» орталығында Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясының 4-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Отбасы – жүрек жылуы» атты тағылымды мерекелік іс-шара өтті.
💐 Шараға гимназиямыздың білім алушылары, ата-аналар, Аналар кеңесінің мүшелері және «Отбасын қолдау орталығының» жас аналары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға құрмет, үлкенге ізет көрсету, бала тәрбиесіндегі отбасының маңызын насихаттау, сондай-ақ отбасы мүшелері арасындағы мейірім, сыйластық пен өзара түсіністікті нығайту.
Кеш барысында отбасының адам өміріндегі орны, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрдің сабақтастығы кеңінен дәріптелді. Әсерлі көріністер, тәрбиелік мазмұндағы сөздер мен өнер көрсетілімдері кештің мазмұнын аша түсті.
✨ «Отбасы – жүрекке жылу ұялататын, қуанышымызды еселеп, қиындығымызды жеңілдететін ең жақын жандардың ортасы» дегендей, осындай тағылымды кездесулер отбасы құндылықтарының маңызын терең сезінуге мүмкіндік береді.
🤍 Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, мазмұнды өткізуге атсалысқан 4-сынып жетекшілеріне, белсенді қатысқан білім алушыларға және қолдау білдірген ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Сіздердің бірлескен еңбектеріңіз бен белсенділіктеріңіз – бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығының жарқын үлгісі.
🌿 Әр шаңырақта шаттықтың күлкісі сыңғырлап, әр отбасында береке мен бірлік салтанат құрсын!
Отбасыларыңыз аман, шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең, жүректеріңіз мейірімге толы болсын! ❤️
