Мектебімізде «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» апталығы аясында 9-сынып оқушылары арасында «Ахмет Байтұрсынұлының ізімен» атты танымдық квест ойыны өткізілді.

Квест ойыны Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналды. Ойын барысында оқушылар түрлі бекеттерден өтіп, ұлт қайраткерінің өмір жолы, ағартушылық қызметі, шығармалары мен қазақ тіл біліміне қосқан үлесіне байланысты қызықты тапсырмаларды орындады.

🔎 Әр бекетте қатысушылар білімдерін сынап, жасырылған ақпараттарды тауып, логикалық тапсырмаларды шешіп, тапқырлық пен шапшаңдық танытты. Топтық жұмыс барысында оқушылардың бірлігі, ізденімпаздығы және білімге деген қызығушылығы айқын көрінді.

✨ Квест оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасын тереңірек танып, ұлт руханиятындағы орны мен еңбегінің маңызын сезінуге мүмкіндік берді.