🎯 Сайыстың мақсаты – оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін дәріптеу, сөздік қорын молайту, тілдік білімдерін жетілдіру, тапқырлық пен шапшаңдыққа баулу.

Сайыс барысында оқушылар бірнеше кезең бойынша білімдерін сарапқа салып, қазақ тілінің ережелері, мақал-мәтелдер мен сөз мағынасына байланысты қызықты тапсырмаларды орындады. Қатысушылар білімділігімен, тапқырлығымен және ұйымшылдығымен ерекшеленіп, белсенділік танытты.