Жол ережесі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Абайлаңыз, балалар!” акциясы аясында гимназияның бастауыш класс оқушылары “Жас жол инспекторы” қалашығында өткізілген арнайы сабаққа қатысты. Полиция департаменті қызметкерлері тарапынан жолдағы қауіпсіздік, балалардың жарақаттануының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ақтөбе облысы ПД барлық жүргізушілерді балалар ойнайтын аумақта, жаяу жүргіншілер өткелінің қасында абайлап жүруді ескертеді.
