




Бүгін Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өткізілді.
✨ Мерекелік шара барысында оқушыларға, ата-аналарға және ұстаздарға ізгі тілектер айтылып, жаңа оқу жылының маңызы ерекше атап өтілді. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн есте қаларлық қуанышты сәтке айналды.
🌟 Жаңа оқу жылы барша білім алушыларға жарқын жетістіктер, тың ізденістер мен биік белестер әкелсін! Білім жолындағы әр қадамдарыңыз сәтті болсын!
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_bilim_bolimi
@bilim_qazyna_aqtobe
#ТазаҚазақстан
#ЗаңЖәнеТәртіп
#БілімКүніАқтөбе2026
#1Қыркүйек
