
Жиын барысында жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары талқыланып, сынып жетекшілердің міндеттері мен жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
🔹 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру, білім алушылардың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту мәселелері қарастырылды.
🔹 «Қауіпсіз мектеп» қағидаттары бойынша білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектепте қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
🔹 Мектеп формасына қойылатын талаптар түсіндіріліп, білім алушылардың белгіленген мектеп формасын сақтауы мен сыртқы келбет мәдениетіне көңіл бөлу қажеттігі атап өтілді.
🔹 Сонымен қатар, мектептің ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері, сабаққа қатысуы, тәртібі және мектеп құндылықтарын сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Сынып жетекші – мектеп пен оқушы, ата-ана арасындағы маңызды байланыст�
