Бүгін, 25 тамыз 2026 жылы, гимназиямызда 2026–2027 оқу жылына дайындық аясында педагогикалық кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібінде оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға бағытталған маңызды мәселелер қаралды:

🔹 2026–2027 оқу жылындағы әдістемелік басымдықтар;
🔹 Бастауыш сыныптардағы оқу пәндерін оқытудың ерекшеліктері;
🔹 2026–2027 оқу жылына арналған мектептің жылдық жұмыс жоспарын бекіту;
🔹 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын оқу-тәрбие үдерісіне енгізу;

Педагогикалық кеңес барысында жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттер айқындалып, білім сапасын арттыру, оқушылардың тәрбиесі мен мұғалімдердің кәсіби дамуына бағытталған жұмыстар талқыланды.

✨ Жаңа оқу жылына – жаңа мақсаттар, жаңа мүмкіндіктер және жоғары нәтижелер!