



28.08.2026 жылы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда ҚР спорт шеберіне үміткер, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, жоғары дәрежелі волейбол жаттықтырушысы, волейболдан ҚР Ұлттық дәрежедегі төрешісі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін 10 жылдан астам атқарған тәжірибелі ұстаз Убниямов Жақсығали Сисенбаевичтің 60 жас мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.
Мерейтой иесінің құрметіне орай қалалық волейбол турнирінің ашылу салтанаты да ұйымдастырылды. Спорт – өмірінің мәніне айналған Жақсығали Сисенбаевичтің 60 жылдық белесі осындай игі шарамен сабақтасты.
✨ Мерейтой кешіне мерейтой иесімен бірге еңбек еткен әріптестері, бірге ойнаған спортшы достары, сыныптастары, шәкірттері, спорт және білім саласының ардагерлері, туған жерінен арнайы келген азаматтар, гимназия ұжымы мен аяулы отбасы мүшелері қатысты. Ұстаздық пен жаттықтырушылықты қатар алып, талай жастың спорттағы жолына бағыт берген Жақсығали Сисенбаевичке зор денсаулық, отбасына амандық, еңбегіне толағай табыс, шәкірттерінің биік жеңістерін көруді тілейміз!
