

Өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы – 2026» қалалық байқауының қалалық кезеңіне белсене қатысып, марапатқа ие болған Қыдырбаевтар отбасын шын жүректен құттықтаймыз!
Осындай игі бастамаларға белсенді атсалысып, отбасы құндылықтарын дәріптеуге қосқан үлестеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
Шаңырақтарыңыздан шаттық пен береке кетпесін, ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, әрдайым амандық пен молшылықта өмір сүре беріңіздер!
Марапаттарыңыз құтты болсын!
