Әкелер күніне орай ұйымдастырылған «Жыл әкесі – 2026» облыстық байқауында «Өнерлі әке» номинациясының жеңімпазы атанған Умирзаков Руслан Мақанбетқалиұлын шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл марапат – әкелік жауапкершіліктің, өнегелі тәрбиенің, өнерге деген сүйіспеншіліктің және отбасы құндылықтарын дәріптеудің айқын көрінісі.

Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! Отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық, деніңізге саулық, шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз.

Марапатыңыз құтты болсын!