




2025–2026 оқу жылында гимназияны 108 білім алушы тәмамдады. Оның ішінде 7 түлек – «Алтын белгі» иегері, 8 түлек – үздік аттестат иегері атанды.
Шара барысында түлектерге Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаеваның құттықтау хаты табысталды.
Биылғы салтанатты рәсім Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы және Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 154 жыл толуы аясында ұйымдастырылып, мерекенің маңызын арттыра түсті.
2025–2026 оқу жылы гимназия үшін жетістіктерге толы жыл болды. Білім алушылар қалалық, облыстық және республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жеңімпаз және жүлдегер атанса, педагогтеріміз облыстық, республикалық және халықаралық кәсіби байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Салтанатты кеште түлектердің шығармашылық өнерлері ұсынылып, ұстаздар мен ата-аналардың ақ тілектері айтылды. Бұл күн – мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан жас түлектер үшін ұмытылмас сәт болды.
✨ Құрметті түлектер! Алдағы өмір жолдарыңыз жарқын, білім мен еңбектің биік белестерін бағындырып, ел мақтанышына айналатын азаматтар болуларыңызға тілектеспіз!
Ақ жол, 2026 жылғы түлектер!
