





Бүгін көңілді ойындарға, қызықты іс-шараларға, жаңа достыққа толы «Күншуақ» лагерінің соңғы күні өтті. Лагерь күндері балаларымыз үшін жарқын әсерлер мен ұмытылмас естеліктерге толы болды.
Әр күн ерекше қуаныш сыйлап, балалардың шығармашылығын, белсенділігін және достық қарым-қатынасын нығайта түсті. Лагерьдің жабылу салтанатында балалар көтеріңкі көңіл күймен қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, қызықты сәттерді еске алды.
«Күншуақ» лагеріне қатысқан барлық балаларға жарқын жазғы демалыс тілейміз! Келесі кездескенше! 🌈✨
#КүншуақЛагері #Жаз2026 #БалаларДемалысы #МектепЛагері #ЖарқынБалалықШақ КөңілдіЖаз ☀️🎉📚
