Бүгін лагерьде ерекше атмосфера орнап, балалар спорттық сайыста өздерінің шапшаңдығын, ептілігін және ұйымшылдығын көрсетті. Қызықты эстафеталар мен тартысты жарыстарға белсенді қатысқан бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, достық пен бірліктің жарқын үлгісін танытты.

Спорттық сайыс балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың өзара қарым-қатынасын жақсартып, жеңіске деген жігерін арттырды. Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! Әр күніміз осындай қуанышқа, шаттыққа және жарқын сәттерге толы болсын! 💪🏃‍♀️🏃‍♂️🎉