2026 жылғы 8 маусым күні мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері және ата-аналар комитеті төрайымдарының қатысуымен жиналыс өтті.

Жиналыс барысында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары З. Умирзакова қатысушыларды Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе қаласының білім бөлімінің тиісті құжаттарына сәйкес қабылданған «Білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинауға және бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға жол бермеу туралы» №127 Н/Қ мектепішілік бұйрығымен таныстырды.

Түсіндіру барысында:
✅ мектеп бітіруге байланысты банкеттер, мейрамханаларда, кафелерде, демалыс орындарында және табиғат аясында өткізілетін іс-шараларға жол берілмейтіні;
✅ аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымының қабырғасында өткізілетіні;
✅ ата-аналар мен білім алушылардан қандай да бір қаржы жинауға тыйым салынатыны;
✅ тәрбиелік және мәдени-ағартушылық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылатыны;
✅ түлектердің қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері басты назарда болатыны атап өтілді.

Сонымен қатар ата-аналарға ерікті түрде жиналған немесе алдын ала төленген қаражат болған жағдайда, әрбір ата-ананың өз қаражатын толық көлемде қайтарып алуға құқылы екендігі ескертілді.

Жиналыс қорытындысында ата-аналар комитеті төрайымдары бұйрық талаптарымен танысқандықтарын білдіріп, аталған ақпаратты сынып ата-аналарына жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізетіндіктерін мәлімдеді