
Сізді мемлекеттік награда — «Құрмет» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Саналы ғұмырыңызды білім мен тәрбие саласына арнап, 38 жыл бойы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясында табысты еңбек етіп келесіз. Өзіңіз білім алған алтын ұяңызға жас маман болып келіп, бүгінде тәжірибелі ұстаз, шәкірт жүрегінен орын алған ардақты педагог деңгейіне жеттіңіз.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық, халықаралық олимпиада жүлдегерлерін дайындап, шәкірттеріңізге сапалы білім мен тағылымды тәрбие беріп келесіз. Ұстаздық жолдағы кәсібилігіңіз, адамгершілік қасиеттеріңіз бен қарапайым болмысыңыз — баршаға үлгі.
Сіздің еселі еңбегіңіз бен білім саласына қосқан зор үлесіңіз жоғары бағаланып, мерейлі 60 жасқа толған шағыңызда «Құрмет» орденімен марапатталуыңыз — үлкен абырой әрі ұжым мақтанышы.
Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия ұжымы Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, шығармашылық табыс пен шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беруіңізге тілектестік білдіреді!
