Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 10-сынып оқушылары қорғаныс-спорттық айлық аясында 30238 әскери бөлімінің ашық есік күніне қатысты. Экскурсия барысында оқушылар әскери бөлімнің техникалары, ату құралдары және әскери киім үлгілерімен танысып, әскери мамандық туралы мағлұматтар алды.


