Сынып сағатының мақсаты – білім алушылардың Конституция туралы білімдерін тереңдету, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң мен тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілігін арттыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігінің қоғамдағы маңызы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, «Әділетті Қазақстан» құндылықтары, қоғамдық тәртіп пен жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Оқушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған тапсырмалар орындады. Сынып сағаты жас ұрпақтың Отанға деген құрметін нығайтып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етті.

✨ Заңды құрметтеу – әр азаматтың міндеті, ал тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі!