Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда “Тағылымы мол,тамыры терең Тарихым” атты тарих пәндері апталығының ашылуы өтті. Апталықтың ашылуы “Тарихи тұлғалар” бейнесін сомдаған кейіпкерлермен және “Тарихыңды білесің бе?” викториналық сұрақтармен басталды. Оқушыларға әр күнге белгіленген атаулы іс-шаралар таныстырылды.” Тарихи тұлғалар” кейіпкерлері ғұлама ғалым Әл-Фараби мен ойшыл ұлы ақын Абай Құнанбаев сомдалды. Апталықтың ашылу барысында Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналып әскери-патриоттық әндер шырқалды.
