Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда 1–4, 5–9 және 10–11 сынып білім алушыларына арналған «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында бірыңғай қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылды.
📌 Сабақтың мақсаты:
Білім алушылардың жазғы демалыс кезеңінде өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, ықтимал тәуекелдердің алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін дамыту.

📖 Сабақ барысында оқушыларға:
✅ судағы қауіпсіздік ережелері;
✅ жол қозғалысы қауіпсіздігі;
✅ өрттің алдын алу шаралары;
✅ интернеттегі қауіпсіздік;
✅ табиғат аясындағы қауіпсіз мінез-құлық;
✅ төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді.

👨‍🏫 Оқушыларға өмір қауіпсіздігін сақтау – әр адамның басты міндеті екені айтылып, жазғы демалысты пайдалы әрі қауіпсіз өткізу жөнінде кеңестер берілді.

🌿 Барша білім алушыларға қауіпсіз әрі көңілді жазғы демалыс тілейміз!