Қалалық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 13-17 мамыр аралығында алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес №77 ЖББОМ (Құрашасай елді мекені) базасында 10-класс оқушылары – ер балаларымен далалық оқу жиыны тәжірибелік сабақтары өткізілді. Жиынға 23 ер бала қатыстырылды. Жиынның өткізілуі, оқу нормативтерін қабылдау, оқушылардың денсаулығын қамтамасыз ету және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы АӘТД пәні мұғалімі Д.А.Абдикешовке, орыс тілі пәні мұғалімі Д.Ж.Уржаевқа жүктелді. Оқушылар саптық дайындық, тактикалық дайындық, әскери топография, ату дайындығы тараулары бойынша білімдерін толықтырды.